Конкурдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

Конкурдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

Астанадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде конкурдан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылар үш күн бойы әр түрлі биіктіктегі 6 түрлі тосқауылда (120-145 см) өз шеберліктерін шыңдайтын болады.

«Астана қаласы 2 жылдан кейін қайта маусымның шешуші жарысы саналатын Қазақстан чемпионатын қабылдауға мүмкіндік алды. Дәл қазіргі сәтте Орталық Азия елдері бойынша елордада ғана ат спортына арналған жабық кешенді спорт ғимараты бар. Қыс мезгілінде де жаттығуға қолайлы. Өздеріңіз білетіндей, биыл федерацияда бірқатар өзгерістер болды. Енді ат спорты жаңа жетістіктерді бағындырады деген сенімдемін. Қандай жоспарымыз бар? Біріншіден, мамыр айында Астана қаласы ұзақ жылдардан кейін Еуразия Лигасының Әлем Кубогы кезеңін (FEI CSI 1*-W) өткізді. Екіншіден 2026 жылы Аичи және Нагояда өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысуға ниетіміз бар. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, ат спортынан Қазақстан құрамасы 2014 жылы Инчхондағы жазғы Азия ойындарында бақ сынапты. Енді осы дәстүрді жаңғыртсақ дейміз», - деді ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Толқымбеков.

Ел додасында Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен Алматы облысының шабандоздары бақ сынап жатыр.

Турнир Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қолдауымен және халықаралық стандарттарға толық сәйкес ұйымдастырылып жатыр.

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: Қазақстан үздік үштікке енді

Қазақ күресінен алғаш рет Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды

Қазақстандық боксшы: Шаршы алаңда қазақ қайсар халық екенін дәлелдедім



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или