Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: Қазақстан үздік үштіктің қатарына енді

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: Қазақстан үздік үштіктің қатарына енді

Бахрейн астанасы Манамада тарихта үшінші рет өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрлықтық дода 2025 жылдың 22–31 қазан аралығында  өтті. Бахрейнде өткен бәсекеде қазақстандық спортшылар көптеген спорт түрі бойынша бақ сынады.

Нәтижесінде Қазақстан спортшылары жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жалпы есебінде үшінші орынға жайғасты. Қоржынға 24 алтын, 29 күміс және 40 қола түсті.

Бірінші орын Қытай құрамасына (63-49-35), ал екінші орын Өзбекстан құрамасына (37-16-28) бұйырды.

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: Қазақстан үздік үштіктің қатарына енді

Айта кетейік, біздің команда өз тарихындағы ең жақсы нәтижеге қол жеткізді:

2009 жылғы Азия жастар ойындары. Сингапур: 4-6-4, турнир кестесінде сегізінші орын.

2013 жылғы Азия жастар ойындары. Қытай: 1-4-8, турнир кестесінде он үшінші орын.

Еске сала кетсек, 2031 жылы Азия жастар ойындарын Камбоджа қабылдайды.

Қазақстандық боксшы: Шаршы алаңда қазақ қайсар халық екенін дәлелдедім

Қазақстандық боксшы Азиадада өзбек қарсыласын жеңіп, чемпион атанды

Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

Қазақстандық жас боксшы Азиада жеңімпазы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или