«Реалдың» бас бапкері Винисиус Жуниор жазаланбайтынын айтты

«Реалдың» бас бапкері Винисиус Жуниор жазаланбайтынын айтты

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо Винисиусқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Винисиус Жуниор жазаланбайды. Мәселе сәрсенбі күні жабылған. Ол команданың алдында ағынан жарылып, анық түсіндірді. Ең бастысы – өзінің түсінуі. Сондықтан мен ризамын», – деді «Реал» бас бапкері.

Бразилиялық вингер Ла Лига аясында өткен «Барселонаға» қарсы матчта (2:1) ауыстырғаны үшін ойын кезінде өз наразылығын білдірген болатын.

Бірақ кейіннен Вини өзін ауыстырған кездегі әрекеті үшін әлеуметтік желіде клубтан, жанкүйерлерден, президенттен және командаластарынан кешірім сұраған еді.

«Манчестер Сити» Родримен келісімшартты ұзартпақ

«Қайраттың» Чемпиондар Лигасындағы ойынына билет бағалары жарияланды

Роналду мен Месси 2024/2025 маусымының символдық командасына үміткерлер тізіміне енді

Италия А сериясы: «Ювентустің» сәтсіз сериясы жалғасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или