Даниял Шалқарбай: шаршы алаңда қазақ қайсар халық екенін дәлелдедім

Даниял Шалқарбай: шаршы алаңда қазақ қайсар халық екенін дәлелдедім

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Даниял Шалқарбай алтын медаль жеңіп алды. Спортшы бұл жеңіске оңайлықпен жетпегенін айтты, деп жазады Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.

"Өз өнеріме өте ризамын. Барлығы ойдағыдай өтті. Бапкерлер дұрыс кеңес беріп, үлкен қолдау көрсетті. Финал алдында аздап қысым болды, бірақ рухани тұрғыда сынған жоқпын. Шаршы алаңда қазақ қайсар халық екенін дәлелдедім.

Бұл Азия ойындарында бар еңбегім мен дайындығымның нәтижесін көрсете алдым. Бұл медаль маған оңайлықпен келген жоқ. Талай тер төгіп, көптеген қиындықтан өттім. Барша қолдау көрсеткендерге көп рақмет айтамын.

Финалдағы өзбек боксшысына қарсы кездесу өте тартысты өтті. Қарсылас та жақсы дайындалған. Ол да бар күшін салды. Дегенмен жеңіс маған бұйырды.

Алда жастар құрамасына қосылып, Олимпиада мен әлем чемпионаттарына дайындаламын. Демалатын уақыт жоқ," - деді Шалқарбай.

Айта кетейік, Даниял Шалқарбай 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.


Қазақстандық боксшы Азиадада өзбек қарсыласын жеңіп, чемпион атанды

Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

Қазақстандық жас боксшы Азиада жеңімпазы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или