ҚХЛ: «Трактор» - «Барыс». Тікелей трансляция
Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымының келесі ойын күнінің аясында «Барыс» Челябинскіде «Трактормен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Трактор»-«Барыс» матчы Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Астананың хоккей командасы үш ойындық сырт алаңдағы сапарын 2025 жылғы Гагарин кубогының финалистеріне қарсы матчпен аяқтайды.
Осы матчқа дейін «Барыс» пен «Трактор» 2025/26 жылғы КХЛ маусымында екі рет кездесті. 7 қыркүйекте Астанада өткен жаңа маусымның алғашқы ойынында «Барыс» қосымша уақытта 4-3 есебімен жеңіске жетті. Командалар екінші матчын 9 қазанда Челябинскіде өткізді, ал бұл жолы «Трактор» қосымша уақытта 3-2 есебімен басым түсті.
«Болашақ кубогы»: Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы жарияланды
«Барыстың» конференция үздігіне қарсы матчы алдында өзгеріс болды