«Қайсар» ФК клубтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады

«Қайсар» ФК клубтың болашағына қатысты мәлімдеме жасады

«Қайсардың» баспасөз қызметі клубтың жеке меншікке өткенін жариялап, инфрақұрылым мен академияны дамыту жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

- ​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдету керектігін баса айтқан болатын.

​Осыған байланысты Президент тапсырмасына сәйкес, қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді.​

Алдағы уақытта «Қайсар» футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданып, клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарлануда – деп жазды команданың баспасөз қызметі.


«Қайраттан» қақпашы кете ме? Боранбаев жауап берді

«Қайраттан» кеткен сұрмерген Қазақстанда қалуы мүмкін

«Тобыл» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысқысы келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или