«Қайсар» жеке басқаруға берілді

«Қайсар» жеке басқаруға берілді

Қызылордалық «Қайсар» 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде жеке басқаруға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты жеделдету керектігін баса айтқан болатын.

​Осыған байланысты Президент тапсырмасына сәйкес, қызылордалық «Қайсар» футбол клубы 2025 жылдың 30 қазанынан бастап ресми түрде «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақовтың жеке басқаруына берілді.

​Алдағы уақытта «Қайсар» футбол клубын дамыту бойынша нақты шаралар қабылданып, клуб академиясы мен инфрақұрылымын дамытуға 12 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

«Қайраттан» қақпашы кете ме? Боранбаев жауап берді

«Қайраттан» кеткен сұрмерген Қазақстанда қалуы мүмкін

«Тобыл» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысқысы келеді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или