Чемпиондар лигасы: «Семей» франциялық клубтан жеңіліп қалды
«Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші матчында Францияның «Этуаль» клубымен кездесіп, 3:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші таймда Бруно Гомес есеп ашып, кейін Дедезиньо дубль авторы атанды. Екінші таймда қазақстандықтар төрт гол жіберіп алып, 3:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, «Семей» екі ойында үш ұпай жинады. Бұған дейін команда Чехияның «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңген болатын.
Семейліктер келесі матчын 1 қарашада испаниялық «Пальмаға» қарсы өткізеді.
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады
Қазақстан чемпионаты: «Атырау» өз алаңында «Қарағандыны» жеңді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или