Рыбакина Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі алдында көрсетілім матчын өткізді
Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.
Спортшы алғашқы жаттығуларын өткізіп, әлемнің үшінші ракеткасы - америкалық Кори Гауффпен көрсетілімдік матч та ойнады. Олардың бірлескен жаттығу сәттерінен тараған бейнелер әлеуметтік желілерде тез тарап, жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Жеребе нәтижесі бойынша Рыбакина Серена Уильямс тобына түсті. Бұл топта оның қарсыластары - польшалық Ига Швёнтек (№2), америкалық Аманда Анисимова (№4) және Мэдисон Киз (№7) болмақ. Турнир 1 қараша күні басталады.
Александр Бублик Париждегі турнирдің үшінші айналымына шықты
Париж турнирі: Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы анықталды