Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы маңызды мәлімдеме жасады

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен өтетін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің мақсатым - төрт белбеуді біріктіріп, өз атымды тарихқа жазу. Осы үшін аянбай еңбектендім. Бұған дейін талай чемпиондарға шақыру тастадым және Лара келісті. 7 желтоқсанда үлкен жекпе-жек өтеді. Егер Құдай қаласа, мен үшінші белбеуімді иеленемін. Тарих жазылып жатыр», - деді Әлімханұлы The Ring басылымына берген сұхбатында.

32 жастағы Әлімханұлы кәсіби бокстағы дебютін 2016 жылы өткізген. 2022 жылы әлем чемпионы атанып, 2023 жылы біріктірілген чемпион мәртебесін иеленді. Енді қазақстандық боксшы орта салмақтағы төрт негізгі белбеудің барлығын жинауға ұмтылып отыр.

Жәнібек Әлімханұлының болашақ қарсыласы алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Ғасыр жекпе-жегінің реваншы өтуі мүмкін. Келіссөз жүріп жатыр

Шахрам Гиясов Роландо Ромеромен чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или