«Барыс» - «Салават Юлаев» матчы ертерек басталады

«Барыс» - «Салават Юлаев» матчы ертерек басталады

Құрлықтық хоккей лигасы астаналық «Барыстың» алдағы өз айдынында өтетін матчтың басталу уақыты өзгергенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Уфа қаласының «Салават Юлаев» клубына қарсы кездесу 2025 жылдың 5 қарашасында өтеді және ол бастапқы жоспардан 30 минут ерте басталмақ.

Бұған дейін №310 матч Астана уақытымен 19:30-да басталады деп жоспарланған еді, алайда енді ойынның басталу уақыты 19:00-ге ауыстырылды.

Осыған байланысты «Барыс» жанкүйерлеріне өз жоспарларын алдын ала түзетіп, Шығыс конференциясының ең мықты клубтарының біріне қарсы өтетін кездесудің басын өткізіп алмау үшін аренаға сәл ертерек келу ұсынылады.

«Барыс» ҚХЛ матчында сүрінді. Екі шайба көмектеспеді

«Барыстың» қарсыласы ҚХЛ тұрақты маусымындағы клубтық рекордты жаңартты

«Барыстың» экс-шабуылшысы ресейлік клубқа ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или