Александр Заруцкий «Қайраттан» кетпейді
«Қайрат» клубы қақпашы Александр Заруцкийге қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде қақпашының алматылық клубтан кетуді жоспарлап жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл әңгімелерге тамыз айында «Селтикке» қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу матчында алған жарақатынан кейінгі оның ұзақ үзілісі себеп болғаны айтылған болатын.
Алайда клуб бұл қауесеттерді негізсіз деп атады. «Бұл шындыққа жанаспайды, сенбеңіздер. Александр командамен бірге Чемпиондар лигасы ойындарына дайындалып жатыр, келісімшартты бұзу мәселесі талқыланып жатқан жоқ», - деді «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.
Осылайша, Заруцкий командамен бірге жаттығуын жалғастырып, осы маусымда клуб құрамында қалмақ.
«Қайраттан» кеткен сұрмерген Қазақстанда қалуы мүмкін
«Тобыл» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысқысы келеді
Қазақстан жастар құрамасының Словакия және Молдоваға қарсы матчқа қатысатын құрамы жарияланды