Күндізгі сессия Бахрейн уақытымен 14:00-де басталады, ал кешкі сессия 17:00-де өтеді. Финалдық жекпе-жектер 16 салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады, оның ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы төрт тікелей кездесуді қамтиды.
Азиада финалы: Қазақстан - Өзбекстан текетіресінің тікелей трансляциясы
                  30 қазанда Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финал өтеді. Бұл күні көрермендерді Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы төрт бірдей кездесу күтіп тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шешуші жекпе-жектерде екі елден де сегіз спортшыдан - үш қыз және бес жігіт рингке шығады.
Қазақстан намысын Аяулым Оспанова, Камила Оспанова, Эльнура Қоңырат, Арман Мырсәбит, Нұрмахан Жұмағали, Досжан Жұмахан, Даниял Шалқарбай және Мұхаммедәлі Рүстембек қорғайды.
Өзбекстан құрамасынан Күмринисо Мұхаммадова, Рушанабону Исаева, Самира Тургунова, Абдуғани Йоркинжонов, Иброхим Шокиржонов, Саидхужа Садиллахужаев, Диёрбек Муродуллаев және Асадбек Султанбоев қатысады.


Тікелей трансляцияны осы сілтеме арқылы көре аласыз.
Азия ойындары: Қазақстандық боксшылар 8 финалдық жекпе-жекке қатысады
Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары: Бокстан қоржынға алғашқы жүлде түсті