Нұрмахан Жұмағали жасөспірімдер Азиадасының чемпионы болды

Нұрмахан Жұмағали жасөспірімдер Азиадасының чемпионы болды

Қазақстандық боксшы Нұрмахан Жұмағали Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол үндістандық Сингх Мойбунгхонгбаммен кездесті. Бірінші раунд 5:0 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталса, екінші раундта төрешілер 4:1 есебін берді. Соңғы раундта Нұрмахан басымдығын сақтап, қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Үнді спортшысы қайталанған ереже бұзғаны үшін бір ұпайынан айырылды.

Жұмағали төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы бокстан алғашқы алтынды сыйлады.

Арман Мырсәбит бокстан жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды

Сегіз қазақстандық боксшы жасөспірімдер Азиадасының алтын медалі үшін таласады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или