Жоао Пауло болашағына қатысты сұраққа жауап берді

Жоао Пауло болашағына қатысты сұраққа жауап берді

Бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Қайраттан» кеткен соң болашағына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанда ойнай бергім келеді. Мұнда өзімді үйдегідей сезінемін, бірақ қазір маған қалпыма келу үшін уақыт қажет. Отадан кейін бес ай өтті, сондықтан алаңға ерте дегенде ақпан айында ғана орала аламын. Қаңтарда толыққанды жаттығуды бастаймын деп үміттенемін», - деді Жоао Пауло сұхбатында.

37 жастағы шабуылшы 2021 жылдан бері «Қайрат» сапында ойнап, 112 матчта 47 гол соғып, 24 нәтижелі пас берген. Биылғы маусымда бразилиялық футболшы ауыр жарақатына байланысты небәрі бес кездесу өткізді.

Transfermarkt мәліметінше, ойыншының нарықтық құны - 300 мың еуро.

«Тобыл» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысқысы келеді

Қазақстан жастар құрамасының Словакия және Молдоваға қарсы матчқа қатысатын құрамы жарияланды

Алматылық «Қайрат» бір қақпашысымен қоштасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или