Пакьяо мен Мейвезер реванш өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатыр
Атақты филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо кіші Флойд Мэйвезермен ықтимал реванш туралы келіссөз жүргізіп жатқанын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазір келесі жекпе-жегім туралы белсенді түрде талқылап жатырмыз. Нұсқалардың арасында шынымен де Мэйвезермен реванш бар. Келіссөз жүріп жатыр, әзірге қай кездесу жарияланатынын айту қиын - соңғы шешімді күтіп отырмын», - деді Пакьяо ESPN арнасына берген сұхбатында.
Пакьяо мен Мэйвезер арасындағы алғашқы жекпе-жек 2015 жылдың мамыр айында өткен болатын және америкалық боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген еді.
Лукас Браун жалаңқол жекпе-жекте чемпиондық белбеу үшін айқасады
Нұрмағанбет Сауль Альваресті Қазақстанға шақырғанын жеткізді
Жәнібек Әлімханұлының болашақ қарсыласы алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді