Арман Мырсәбит жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды
30 қазанда Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан финалдық кезең басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшылар арасында шаршы алаңға бірінші Арман Мырсәбит шықты.
Отандасымыз 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Алайда Арман ақтық сында өзбекстандық Абдугани Еркинджоновтен жеңіліп қалды. Осылайша ол жасөспірімдер Азиадасында күміс жүлдеме аяқтады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, боксшы Санжар Матасов жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдесіне ие болған.
Мэнни Пакьяо мен Флойд Мэйвезер реванш өткізуі мүмкін
Лукас Браун жалаңқол жекпе-жекте чемпиондық белбеу үшін айқасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или