«Тобыл» ойыншысы «Ақтөбеге» ауысқысы келеді
«Тобылдың» жетекші ойыншыларының бірі Ахмед Эль-Мессауди қысқы маусымаралық кезеңде командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
30 жастағы марокколық футболшы ҚПЛ-дағы 22 матчта жеті гол соғып, алты нәтижелі пас берді.
Эль-Мессауди «Тобыл» сапында Қазақстан кубогы мен 2025 жылғы чемпионатта қола жүлдегер атанды.
Футболшының өкілдері оның кандидатурасын «Ақтөбе» бапкерлер штабына ұсынған, бірақ бас бапкер Николай Костов ауыстырудан бас тартты.
Айта кетейік, Ахмед Эль-Мессауди бельгиялық «Льерс», «Стандарт» және «Мехелен» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ ол нидерландылық «Гронинген», «Фортуна» және «Эммена» клубтарында және түріктің «Газиантеп» клубында өнер көрсетті. Ол Марокко құрамасы сапында екі матч өткізді.
Рафаэль Уразбахтин: «РПЛ клубтары бізден әлдеқайда мықты»
«Қайрат» футбол клубы тәжірибелі легионерімен қоштасты
«Қайрат» алтын матчта тең түсіп, чемпиондықты ресми рәсімдеді