«Барыстың» қарсыласы ҚХЛ тұрақты маусымындағы клубтық рекордты жаңартты
Қазанның 29-ы күні ҚХЛ тұрақты маусымының өз алаңында өткен ойында Қазанның «Ак Барсы» Магнитогорскінің «Металлург» командасын 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл «Ак Барстың» қатарынан 11-жеңісі болып, ҚХЛ тұрақты маусымындағы клубтық рекордты жаңартты.
«Ак Барстың» бұған дейінгі қатарынан 10 жеңіске жеткен рекорды 2020/21 маусымында орнатылған.
Айта кетейік, Санкт-Петербургтің СКА клубы ҚХЛ тұрақты маусымының тарихындағы қатарынан ең көп жеңіске жеткен рекордты иеленіп отыр, ол 22 жеңісімен (2016/17 маусымының соңында 2 және 2017/18 маусымының басында 20).
«Барыс» ресейлік шабуылшымен қоштасты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или