Қазақстан жастар құрамасының Словакия және Молдоваға қарсы матчқа қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстан жастар құрамасының Словакия және Молдоваға қарсы матчқа қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстан U-21 құрамасының аға жаттықтырушысының міндетін атқарушы Андрей Ферапонтов 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Словакия және Молдова құрамаларына қарсы матчқа шақырылған футболшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 қарашада Астанада басталады. Құрам қатарына 28 ойыншы енді.

Қақпашылар: Мирас Рихард («Ертіс»), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Санжар Ерниязов («Хан-Тәңірі»);

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Жетісу»), Әли Тұрғанов («Онтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай, Тимур Құрбанов (екеуі де – «Каспий»), Темірлан Мырзағалиев, Никита Губарев (екеуі де – «Қайсар»), Бақтияр Төлеуов («Ertis»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»);

Жартылай қорғаушылар: Мирас Оматай («Жетісу»), Олжас Байбек («Қайрат»), Әбинұр Нұрымбет, Тамерлан Ағыманов (екеуі де – «Ертіс»), Вячеслав Раскатов («Каспий»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мүслім Жұмат («Тараз»), Шахмурза Адырбеков («Тренчин», Словакия);

Шабуылшылар: Мағжан Тоқтыбай («Онтүстік Академиясы»), Рамазан Бағдат («Қайрат»), Артем Литош («Шахтер»), Рауль Аллахвердиев («Райо Вальекано В», Испания);

Қосалқы құрам: Әбілқайыр Әлиакбар («Алтай»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Мұхаммед Еңсебаев («Ертіс»), Сэйф Попов («Алтай»).

Айта кетейік, қарашада Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді: 13 қарашада Прешов қаласында Словакия U-21 құрамасына қарсы өтсе, 17 қараша күні Астанада Молдова U-21 құрамасын қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или