Дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

Дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

Семейде 10-13 қараша күндері дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ел біріншілігі «Абай Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 600-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарланған. 

Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. 

Cондай- ақ, аралас-командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.

Жарыс Қазақстан дзюдо федерациясының YouTube арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или