Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстандық дзюдошы қыз алтыннан алқа тағынды
Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Фатима ақтық сында Милена Боруболотовамен (Қырғызстан) өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде қазақстандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында 18 алтын, 21 күміс және 29 қола медаль бар.
Бес қазақстандық дзюдошы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или