Тәжік жауынгері OCTAGON 80 турнирінде бірінші раундта жеңіске жетті
Астанада өтіп жатқан OCTAGON 80 турнирінде алдын ала кардтың кезекті жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта сегізбұрышта танымал тәжік жауынгері Шодмон Назокатов (2-2) және қазақстандық Әлішер Абаев (1-1) кездесті.
Назокатов айқасты ұзақ уақытқа созбады және жекпе-жектің нәтижесін алғашқы бес минутта өз пайдасына шешіп, ерте жеңісті атап өтті.
Бастапқыда тәжікстандық жауынгердің қарсыласы қазақстандық медиа-файтер Дамир Рахымжанов болған, бірақ соңғы сәтте ол жекпе-жектен бас тартты.
Айта кетейік, 29 қазандағы беделді жекпе-жек кешінің басты кездесуінде орта салмақтағы титул иегері, қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (19-6) пен әзірбайжандық Хамзат Чапанов (15-5) арасындағы чемпиондық жекпе-жек өтеді.
Екінші маңызды жекпе-жекте жеңілмеген қырғызстандық жеңіл салмақтағы чемпион Руслан Қасымалы уулу (10-0) өз белбеуін жеңілмеген қазақстандық Нұржігіт Байменге (8-0-1) қарсы қорғайды.
OCTAGON 80 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 80 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 80 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы