Бұрынғы чемпион Прохазка Чимаевтың дивизионын көздеп отыр
UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы (93 кг) бұрынғы чемпионы, чех файтері Иржи Прохазка болашақта орта салмақ (84 кг) дивизионына ауысқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
– «Командама айттым: титулды жеңіп алған соң, орта салмаққа ауысамын. Сонда чемпионмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік болады. Дегенмен мен “жеңген соң мынамен айқасам, мына істі жасаймын” деп айтқанды ұнатпаймын. Қазір бар ойым мен күшім – чемпиондық белбеуде», – деді Прохазка Bloody Elbow басылымына.
Ол соңғы жекпе-жегін қазан айында UFC 320 турнирінде өткізіп, америкалық Халил Роунтриді техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Айта кетейік, орта салмақтағы қазіргі чемпиондық белбеу Хамзат Чимаевқа тиесілі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или