Родри «Манчестер Ситимен» жаңа келісімге келуі мүмкін

Родри «Манчестер Ситимен» жаңа келісімге келуі мүмкін


«Манчестер Сити» клубы испаниялық жартылай қорғаушы Родри Эрнандеспен келісімшартты ұзарту жөнінде келіссөздерді бастап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы танымал инсайдер Экрем Конур мәлімдеді. Ақпарат көзінің дерегінше, «Сити» мен ойыншы арасындағы жаңа келісім осы жылдың соңына дейін жасалмақ. Сонымен қатар Родридің жағдайын ПСЖ мен «Реал» Мадрид мұқият бақылап отыр.

29 жастағы хавбек 2019 жылдан бері «Манчестер Сити» сапында ойнап келеді. Биылғы маусымда ол барлық турнирде жеті матчқа қатысқан, бірақ нәтижелі әрекеті жоқ.

Айта кетейік, 2024 жылы Родри «Алтын доптың» иегері атанып, дауыс беру қорытындысында «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниорды артта қалдырған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или