Пакьяо Мэйвезермен қайта жекпе-жек жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр

Пакьяо Мэйвезермен қайта жекпе-жек жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр


46 жастағы филиппиндік бокс аңызы, сегіз салмақ дәрежесінің бұрынғы әлем чемпионы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мэйвезермен реванш өткізу туралы келіссөздер жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

– «Қазір келіссөздер жүріп жатыр, бәрі процесс үстінде. Біз көп мәселеде ортақ пікірге келдік, бірақ бірнеше шартты әлі талқылап жатырмыз. Сонымен қатар Ломаченкомен көрме жекпе-жегі жайында да сөйлесіп жатырмыз. Ал Мэйвезермен келіссөз – бұл нағыз жекпе-жек туралы», – деді Пакьяо.

Айта кетейік, филиппиндік боксшы биыл жазда рингке қайта оралған еді. 20 шілдеде ол Марио Барриоспен кездесіп, жекпе-жек көпшілік шешімімен тең аяқталды. 2015 жылы өткен алғашқы кездесуінде Мэйвезер төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

48 жастағы америкалық соңғы кәсіби жекпе-жегін 2017 жылдың тамызында өткізген – ол кезде Мэйвезер ирландиялық Конор Макгрегорды жеңген. Келесі жылы, 2026 жылдың көктемінде, ол Майк Тайсонмен көрме айқасына шығуы жоспарланып отыр.

Украиналық Василий Ломаченко өткен жазда мансабын аяқтағанын мәлімдеген. Оның соңғы айқасы 2024 жылдың мамырында өтті, онда ол австралиялық Джордж Камбососты жеңіп, чемпиондық белбеуге ие болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или