OCTAGON 80 турнирінің тікелей трансляциясы бүгін сағат 18:00-де OCTAGON TV YouTube арнасында көрсетіледі.
Бауыржан Қуанышбаев OCTAGON 80 турнирінде титулын қорғайды
Бүгін, 29 қазанда, Астанада Орталық Азиядағы көшбасшы ММА лигасы OCTAGON ұйымының мерейтойлық 80-ші турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Қазіргі чемпион, қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев (19-6) ресейлік Хамзат Чапановпен (15-5) күш сынасады.
Ко-мейн ивентте жеңіл салмақтағы белбеу иесі, қырғызстандық Руслан Касымалы уулу (10-0) титулын қорғау мақсатында кәсіби мансабында жеңіліс көрмеген қазақстандық Нұржігіт Байменмен (8-0-1) кездеседі.
Басты кардта бұрынғы наилегчай салмақ чемпионы Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (12-1) бір жарым жыл үзілістен кейін октагонға оралады. Оның қарсыласы — UFC-де өнер көрсеткен қарсыластармен айқасқан бразилиялық Каик Аленкар (11-5).
Сонымен қатар, непобежденный Қожахмет Иманғали (7-0) өз уақытында Төленовті жеңген бразилиялық Клаудечи Бритомен (14-5) күш сынасады. Кеш бағдарламасында өзбек файтері Оғабек «Сатурн» Абдумуминов (3-0) пен «Афроқазақ» лақап атты Марселен Камате (0-1) арасындағы көп күткен реванш та бар.
Турнирге сондай-ақ Асадбек Саидов, Шодмон Назокатов, Данияр Оңғар, Дастан Мәлік, Қайсар Жауқашар, Азизбек Келдібек уулу және басқа да спортшылар қатысады.
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 78 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы