Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан жасөспірімдер Азиадасында өнер көрсетті
Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнерін аяқтады.
Отандастарымыз ерлер арасындағы командалық сайыста өнер көрсетті.
Өкінішке қарай, жүлдегерлер қатарына ене алмады. Ринат Ерік тоғызыншы, Данил Третьяков - 22-ші, Кирилл Полышев - 34-ші, ал Ұлан Мұратов - 47-ші болып мәреге жетті.
Гонконг өкілі Ван Чу Ли жеңіске жетті. Екінші орын Таиландтан барған Киттапхат Хомкажорнға бұйырды, ал Сауд Арабиясының өкілі Таха Альхалифа үшінші нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Манамадағы жарыста Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Олардың алғашқы екеуін Анель Ташбай (жекелей жарыс) және аралас команда (эстафеталық жарыс) еншілесе, Валерия Кузнецова командалық жарыста күміс жүлдеге ие болды.