WBA Ромероға Гиясовпен титулды қорғауды міндеттеді

WBA Ромероға Гиясовпен титулды қорғауды міндеттеді


Промоутер Эдди Хирн WBA ұйымы жартылай орта салмақтағы (66,7 кг) әлем чемпионы, америкалық Роландо Ромероға өз белбеуін өзбекстандық Шахрам Гиясовқа қарсы қорғау міндетін жүктегенін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Ромероның келесі қарсыласы атақты Мэнни Пакьяо болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда WBA ресми түрде Гиясовты америкалықтың міндетті қарсыласы деп бекітті.

– «Шахрам Гиясовтың жағдайы біраз уақыт бойы түсініксіз болды. Сондықтан WBA дұрыс шешім қабылдап, Ромеромен жекпе-жекті тағайындағанына қуаныштымын. Ромеро мен Пакьяо арасындағы кездесу жайлы әңгіме болғанымен, Шахрам бұл мүмкіндікті көп күтті. WBA осы шешімді сақтап, Гиясов 2026 жылдың басында әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасады деп үміттенеміз», – деді Эдди Хирн.

Осылайша, 2026 жылдың алғашқы айларында Гиясов өзінің мансабындағы ең маңызды айқасын өткізеді.

Жәнібек Әлімханұлының болашақ қарсыласы алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Садриддин Ахмедов қарашада жекпе-жек өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или