Бек Нұрмағанбет «Канеломен» әңгімесін айтты

Бек Нұрмағанбет «Канеломен» әңгімесін айтты


Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет әлемдік бокс жұлдызы Сауль «Канело» Альвареспен болған әңгімесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұрмағанбеттің айтуынша, ол әйгілі мексикалық боксшыны Қазақстанға қонаққа шақырған.

– «Оған: “Сені бізде жақсы біледі”, – дедім. Сосын Қазақстанға келуге шақырдым. Ол “Бір күні барамын” деп жауап берді», – деді Бек Нұрмағанбет «Бірінші Бол» YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет соңғы үш жыл бойы «Канеломен» бірге бір лагерьде жаттығып жүр. Оның мансабын әйгілі бапкер Эдди Рейносо басқарады. Әлеуметтік желілерде Альварестің қазақстандық боксшымен бірге өткізген жаттығулары мен демалыс сәттерінен фотолар жиі жарияланады.

Жәнібек Әлімханұлының болашақ қарсыласы алдағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Садриддин Ахмедов қарашада жекпе-жек өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или