«Қайрат» бапкері қазақстандық клубтардың деңгейін ашық айтты
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қазақстандық және ресейлік клубтардың деңгейін салыстырып, өз пікірін ашық білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның айтуынша, тіпті Лига чемпиондарына қатысатын қазақстандық командалар да Ресей Премьер-лигасы өкілдерінен айтарлықтай төмен деңгейде.
– «Жоқ, мен олай ойламаймын. Әрине, ресейлік клубтар әлдеқайда мықты. Ондағы ойыншылардың деңгейі басқа, сапасы жоғары. Егер олар қазір еурокубоктарда ойнаса, жақсы нәтиже көрсетер еді. Кем дегенде РПЛ-дің алғашқы алты командасы қазақстандық клубтардан анық күшті», – деді Уразбахтин.
Сонымен қатар бапкер «Қайраттың» биылғы маусым алдындағы жиындарында «Динамо» (Махачқала), «Пари НН» және «Химкимен» кездескенін айтып, бұл ойындардың өзі қиын соққанын мойындады. Оның сөзінше, Ресейде ойын қарқыны жоғары, футболшылардың шеберлігі мен инфрақұрылым сапасы жақсырақ.
– «Сіздерде алаңдар мен жағдай әлдеқайда жақсы. Бізде тек биылдан бастап инфрақұрылымды дамытуға қозғалыс басталғалы жатыр», – деді Уразбахтин.
Лига чемпиондарының жалпы кезеңіндегі үш турдан кейін «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар, команда турнир кестесінде 34-орында тұр.
«Қайрат» футбол клубы тәжірибелі легионерімен қоштасты
«Қайрат» алтын матчта тең түсіп, чемпиондықты ресми рәсімдеді