Итальян маманы Спаллетти «Ювентусқа» оралуға жақын

Итальян маманы Спаллетти «Ювентусқа» оралуға жақын


«Зенит» пен Италия құрамасының бұрынғы бас бапкері Лучано Спаллетти клубтық футболға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық инсайдер Джанлука Ди Марцио таратқан мәліметке сүйенсек, 66 жастағы маман туриндік «Ювентус» командасын жаттықтыруға келіскен. Келісімшарт 2026 жылдың жазыңа дейін жасалмақ, ал команда Чемпиондар лигасына жолдама алса, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар. Ресми келісім 29 қазан таңында рәсімделеді деп күтілуде.

Спаллеттидің соңғы жұмыс орны – Италия құрамасы. Ол 2023 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың маусымына дейін ұлттық команданы басқарды. Оның жетекшілігімен «Скуадра адзурра» Еуро-2024-тен кейін қайта құрылу кезеңінен өтті.

Бұған дейін ол «Наполи», «Интер», «Рома» және «Зенит» секілді әйгілі клубтарды жаттықтырған. Спаллеттидің жетістіктері қатарында – «Зенитпен» екі мәрте ел чемпионы атану және «Наполимен» 2022/23 жылғы маусымда Италия чемпиондығын жеңіп алу бар.

«Қайраттың» Чемпиондар Лигасындағы ойынына билет бағалары жарияланды

Роналду мен Месси 2024/2025 маусымының символдық командасына үміткерлер тізіміне енді

Италия А сериясы: «Ювентустің» сәтсіз сериясы жалғасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или