Джон Джонс Аспинналдың жарақатына қатысты әзілімен елді күлдірді

Джон Джонс Аспинналдың жарақатына қатысты әзілімен елді күлдірді


38 жастағы америкалық файтер, UFC-дің ауыр және жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы қос чемпионы Джон Джонс британиялық Том Аспинналды әжуалауға мүмкіндік тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бәрі UFC 321 турнирінде француз Сирил Ганмен өткен жекпе-жек кезінде болған оқиғадан басталды. Бірінші раундта Аспиннал көзге соққы алып, кездесуді жалғастыра алмады. Соның нәтижесінде жекпе-жек өтпеген деп жарияланды.

«Сүйек» лақап атымен танымал Джонс осы сәтті пайдаланып, соңғы айларда өзіне тиісе берген Аспинналға жауап қатты. Бұған дейін британиялық файтер америкалықты «үйрек» деп атап, «жекпе-жектен қашады» деп айыптаған болатын.

Жауап ретінде Джонс әлеуметтік желідегі X парақшасындағы аватарын ауыстырып, бір көзді үйректің суретін қойды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или