ГЛАВНАЯ
Ауыр атлетика
Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші орын алды
Ауыр атлет Ксения Прозорова жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші орын алды
Ауыр атлетикадан Қазақстан атынан сынға түскен Ксения Прозорова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.
Спортшы жұлқа көтеруде екінші орынға табан тіреді.
Ксения үздік мүмкіндігінде 94 келіні көтерді. Ал қытайлық Чжу Цайюнь 95 келіні еңсеріп, бір келі артық нәтиже көрсетті.
Үшінші орын өзбекстандық Сарвиноз Купайсиноваға бұйырды - 84 келі.
Айта кетейік, 28 қазанда Прозорова серпе көтеруде де жүлде үшін бақ сынайды.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или