Қазақстандық балуан Сания Сұлтанғали жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық балуан Сания Сұлтанғали күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті.
Шешуші белдесуде ол жапониялық Нана Козукамен күш сынасты. Белдесудің қорытындысы бойынша жапониялық балуан 10:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Бекасыл Асамбек алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ел президенті «алтын» алған қазақ балуанын құттықтады
Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан балуандары белгілі болды
Қазақ күресінен алғаш рет Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или