Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жекпе-жек қарсаңында батыл мәлімдеме жасады
42 жастағы Эрисланди Лара 31-3-3 (19 нокаут) Жәнібек өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қанша жасқа келсем де, Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасу арқылы өзімнің үздік екендігімді дәлелдеуім керек. Жәнібек екеумізді де қауіпті жекпе-жек күтіп тұр. Себебі, екеуміз де чемпионбыз. Тамаша айқас болатынына сенімдімін», - деді Эрисланди Лара BoxingScene сайтына берген хабарламасында.
Айта кетейік, WBA тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Эрисланди Лара мен WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының арасындағы айқас 6 желтоқсан күні өтуі мүмкін.
Кубалық боксшының жасы үлкен болса да, өз мансабында Сауль Альварес, Остин Траут, Джаррет Херд, Брайан Кастано сынды әлемдік жұлдыздармен кездесіп, лайықты қарсылық көрсеткен.
Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Садриддин Ахмедов қарашада жекпе-жек өткізеді
Биволдың бұрынғы әйелі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін