ҚПЛ-2025: Маусымның соңғы тур матчтарын 52 600 жанкүйер тамашалаған
Қазақстан Премьер-лигасының 26-шы, яғни соңғы туры биылғы маусымдағы ең көп көрермен жиналған тур болып тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Барлығы жеті матчты 52 600 жанкүйер тамашалаған — бұл бір ойынға орта есеппен 7 514 көрерменнен келеді.
Абсолютті рекорд иесі — «Кайрат» пен «Астана» (1:1) арасындағы шешуші чемпиондық кездесу. Бұл ойынды 22 800 жанкүйер стадионнан көрген.
Ал ең аз көрермен жиналған матч — Талдықорғандағы «Жетісу» – «Қызылжар» (0:1) ойыны, оған бар болғаны 1 000 адам келген.
Бұған дейінгі маусымдық рекорд 23-турға тиесілі болатын — ол кезде матчтарға 49 013 жанкүйер келген.
Жалпы, 2025 жылғы маусым бойында Қазақстан Премьер-лигасының ойындарын 911 698 көрермен стадионнан тамашалаған. Бұл орта есеппен әр матчқа 5 011 адамнан келеді.
«Қайрат» – футболдан Қазақстан чемпионы
Алматыда тағы бір футбол академиясы салынады
«Астана» бапкері: Командаға сырттан қысым көп болды