«Қайрат» шабуылшысы клубтан кететінін мәлімдеді

«Қайрат» шабуылшысы клубтан кететінін мәлімдеді

Бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло 2025 жылғы маусым аяқталған соң «Қайрат» клубынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жыл басында футболшы тізесінен жарақат алып, маусым бойы алаңға шыға алмады. ҚПЛ-2025 маусымының соңғы турындағы «Астанаға» қарсы матч алдында алматылық клуб Жоао Пауломен қош айтысатынын ресми түрде жариялаған еді.

Футболшы әлеуметтік желідегі жазбасында:

«ФК «Қайраттағы» уақытым өз мәресіне жетті. Енді толықтай сауығып, Құдайдың қалауымен жаңа мүмкіндіктерді күтемін. Келе жатқан маусымда кездескенше!» — деп жазды.

Жоао Пауло «Қайрат» сапында 112 матч өткізіп, 47 гол соқты. Ол Премьер-лиганың үздік сұрмергені атанған үш дүркін бомбардир атанған. Бұған дейін бразилиялық футболшы Қазақстанда «Ордабасы» клубының да намысын қорғаған еді.

«Қайрат» футбол клубы тәжірибелі легионерімен қоштасты

«Қайрат» алтын матчта тең түсіп, чемпиондықты ресми рәсімдеді

Алматыда тағы бір футбол академиясы салынады


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или