Қазақстан U23 құрамасы әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады
Қазанның 20-27 аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы U23 санатындағы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль алып, өз тарихындағы үздік көрсеткіштерінің бірін тіркеді:
- Алтын: Шұғыла Өмірбек (55 келі, әйелдер күресі)
- Күміс: Юсуф Мациев (97 келі, грек-рим күресі)
- Қола: Мерей Мәулетқанов (72 келі, грек-рим күресі)
- Қола: Омар Сатаев (82 келі, грек-рим күресі)
- Қола: Ризабек Айтмұхан (97 келі, еркін күрес).
2017 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан U23 санатындағы әлем чемпионатындағы нәтижеміз:
- 2025 жыл - 1 алтын, 1 күміс, 3 қола
- 2024 жыл - 1 алтын
- 2023 жыл - 1 алтын, 2 күміс, 2 қола
- 2022 жыл - 1 күміс, 3 қола
- 2021 жыл - 1 қола
- 2019 жыл - 1 күміс, 5 қола
- 2018 жыл - 5 қола
- 2017 жыл - 2 күміс, 1 қола.
Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Ел президенті «алтын» алған қазақ балуанын құттықтады
Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан балуандары белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или