Ұлттық спорт: Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды

Ұлттық спорт: Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылды

Бүгін Түркістан төріндегі Olympic Center спорт кешенінде ересектер арасында төл спортымыз – қазақ күресінен Азия біріншілігінің алауы тұтанады,  деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған дода барысында Qazaq Kuresi Ассоциациясының жиналысы өтіп, төл спортымызды ары қарай дамытуға бағытталған бірқатар мәселе көтерілді.

Атап айтсақ, қауымдастықтың жұмысына қысқаша есеп беріліп, стратегиялық бағдарды айқындап, шетелдік және облыстық федерацияларға тапсырмалар және есеп беру мерзімдері анықталды.

Жиналыста Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов сөз сөйлеп, қауымдастықтың қызметіне байланысты есеп берді.

– Бүгін біз төл спортымыз – қазақ күресінің даму жолындағы жаңа кезеңінде тұрмыз. Ассоциацияның бастамасымен әлем және Азия чемпионаттары, әлем кубогтары мен халықаралық турнирлер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда қазақ күресінен 11 әлем чемпионаты, 13 Азия чемпионаты, 6 әлем кубогы, сондай-ақ 6 Еуропа чемпионаты мен 2 Африка чемпионаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған бірыңғай аттестациялау мен біліктілікті арттыру курстары өтті, - деп атап өтті ол.

Одан бөлек Дамир Бекбосынов UWW және өзге де халықаралық федерациялармен жасалған серіктестік арқасында жарыстарды ұйымдастырудың электрондық заманауи Arena және Athena электрондық жүйелері толық қолданысқа берілгенін атап өтті. Осының барлығы Ассоциацияның кәсіби деңгейде және халықаралық стандарттарға сай қызмет етуіне мүмкіндік бергенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ жиында белгілі болғандай, қазақ күресінің тұрақты дамуы мен стратегиялық шешімдердің тиімді жүзеге асуы үшін Ассоциацияда Атқарушы комитет құрылды. Оның құрамына Туризм және спорт министрі, Ассоциациының президенті Ербол Мырзабосынов, Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысы, қауымдастықтың вице-президенті Ринат Мұхамедқали, Министрліктің Спортты дамыту дирекциясының директоры, вице-президент Ерлан Естек, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры, вице-президент Қайрат Пазылбек, Qazaq Kuresi қауымдастығының бас директоры, хатшы Дамир Бекбосынов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы Батырбек Әбділдин және Шымкент қаласының көкпар федерациясының президенті Балтабай Асан кірді. Бұл орган Ассоциацияның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асырып, қабылданған шешімдердің орындалуын үйлестіріп отырмақ.

– Атқарушы комитеттің құрамына спорт саласының тәжірибелі басшылары мен мамандары енді. Олар ұлттық және халықаралық деңгейде ұйымдастырушылық, әдістемелік және әкімшілік процестердің барлығын үйлестіріп, Ассоциация жұмысының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етпек. Осылайша, Qazaq Kuresi Ассоциациясының басқару жүйесі қазіргі заман талабына сай институционалды деңгейге көтерілді.

Басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ассоциациямызда 8 комитет пен 3 департамент құрылған болатын. Олар төрелік, медицина, халықаралық ынтымақтастық, маркетинг, даму және кадр саясаты сияқты бағыттардағы нақты міндеттерді жүзеге асырып жатыр, - деді Дамир Бекбосынов.

Сонымен қатар ол Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясының ресми түрде құрылып, жұмысын бастағанын ерекше атап өтті.

 Осы орайда Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясы құрылғаны туралы жағымды жаңалықпен бөлісуге рұқсат етіңіздер. Бұл қазақ күресін Азиялық және Олимпиадалық кеңістікке шығару жолындағы келесі тарихи қадамдардың бірі екені сөзсіз. Бұл жаңа құрылым Азия құрлығындағы барлық ұлттық федерацияның жұмысын біріктіріп, бірыңғай даму стратегиясы мен жарыс күнтізбесін айқындайды. Сондай-ақ спортшылар мен жаттықтырушылардың халықаралық деңгейде аттестациядан өтуін қамтамасыз етеді және United World Wrestling (UWW) және Олимпиадалық Кеңес (OCA) стандарттарына толық сәйкес даму стратегиясын қалыптастырады, - деп атап өтті.

Жиналыс барысында жаңадан құрылған Федерацияның басшылық құрамы да белгілі болды.

– Хариш Тияги – Президент, Парвин Тияги – Бас хатшы лауазымына тағайындалды. Осы орайда, алда Азиялық Qazaq Kuresi Ассоциациясының Атқарушы комитетінің құрамы жасақталады деген үміттемін. Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры ретінде мен 2026 жылдан бастап біздің барлық шетелдік федерациялар міндетті түрде ересектер арасындағы ел чемпионатын жылына 1 рет өткізуді, әр тоқсан сайын ZOOM платформасы арқылы жиналысқа қатысуды тапсырамын, - Дамир Бекбосынов.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или