Қазақстандық спортшы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

28 қазанда қыздар арасында командалық сайыс өтті. 

Қазақстандық Валерия Кузнецова мәреге екінші болып жетті.

Өзбекстандық Гулхаё Сатторова жарыс жеңімпазы атанды. Гонконг өкілі Чин Киу Лоу үздік үштікті түйіндеді.

Анель Ташбай - 9-орын, Ирина Ивановская - 10-орын, Карина Мискова - 19-орынды иеленді.

Айта кетейік, тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына үшінші жүлдені салды. Бұған дейін аралас команда мен Анель Ташбай алтын медаль жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или