Он қазақстандық боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына өтті

Он қазақстандық боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына өтті

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокс сайыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы есепте он қазақстандық боксшы аталған доданың жартылай финалына жолдама алды. Осылайша олар өздеріне кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Рамина Маханова (54 келіге дейін), Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Нұрмахан Жұмағали (50 келіге дейін), Санжар Матасов (75 келіге дейін), Досжан Жұмахан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалында шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, жартылай финалдар 28 қазанда өтеді.

Жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандық ауыратлет рекорд орнатып, чемпион атанды

Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық жүзгіш Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или