WTA жұптық рейтингі: Елена Рыбакина 265-орынға түсіп қалды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA жұптық рейтингінде бірнеше сатыға төмен түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жұптық сында Рыбакина үш орынға төмендеп, қазіргі уақытта 265-орында тұр.
Айта кетейік, Елена соңғы рет жұптық кездесуді қыркүйекте Билли Джин Кинг кубогында өткізген болатын: ол Юлия Путинцевамен бірге америкалық жұп - Джессика Пегула мен Тейлор Таунсендке 2:6, 6:7 есебімен есе жіберді. Оған дейін Рыбакина шілдеде жұптық сында ойнаған, ол кезде британиялық Эмма Радуканумен бірге АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы турнирге қатысқан еді.
Қазақстандықтар арасында жұптық сында ең үздік теннисші мәртебесін Анна Данилина сақтап тұр - ол WTA рейтингінде 13-орында.
Юлия Путинцева Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде үздік бестікке жақындады