Жасөспірімдер Азиадасы-2025: Әлихан Әскербай рекорд орнатты
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Жұлқа көтеруде Әскербай үздік мүмкіндігінде 144 келіні еңсерді. Бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасында жаңа әлем рекорды болып тіркелді. Әлихан өз рекордын өзі жаңартты. Сонымен қатар ол Азия және жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында рекорд жасады.
Күміс жүлдені қытайлық Чен Синсин (143 келі) иеленсе, өзбекстандық Хаетбек Ерматов (131 келі) үшінші орынға табан тіреді.
Айта кетейік, кейінірек серпе көтеруден сайыс басталады.
Қазақстандық ауыр атлет жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды