ҚПЛ-2025: «Астананың» екі футболшысы үздік атанды
«Астана» жартылай қорғаушылары Марин Томасов пен Назми Грипши 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-лигасының ең нәтижелі ойыншылары атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Томасов пен Грипши маусым барысында 22 нәтижелі әрекет жасады: Марин 12 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді, ал Назми 16 гол соғып, 6 нәтижелі паспен көзге түсті. Үшінші орынды «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев иеленді - оның еншісінде 20 ұпай («гол+пас» жүйесі бойынша): 14 гол және 6 ассист.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы атанған «Қайрат» 59 ұпай жинап, екінші орын алған «Астанадан» екі ұпайға озып кеткен еді.
Алматыда тағы бір футбол академиясы салынады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или