Регбиден Қазақстан құрамасы араға 11 жыл салып Asian Rugby Sevens Series турниріне жолдама алды
Регби-7-ден Оманда өткен Sevens Trophy 2025 бәсекесінде Қазақстан ерлер құрамасы қарсылас шыдатпай, чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жігіттеріміз топтық кезеңде Қырғызстанды 44:0, Сауд Арабиясын 27:0 есебімен жеңіп, плей-оффқа бірінші орынмен шықты. Ширек финалда Қатарды 34:7, жартылай финалда Ауғанстанды 41:0 есебімен ұттты. Финалда да Үндістан құрамасы айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Есеп: 27:0.
Осы жеңістің арқасында Қазақстанның ерлер құрамасы 2015 жылдан кейін қайта жоғарғы лигада өнер көрсету мүмкіндігін иеленді.
Қазақстан қыздар құрамасы кезекті жеңісіне қол жеткізді
Баскетбол 3х3: қазақстандық спортшылар Азия ойындарында қалай өнер көрсетуде
Жағажай волейболы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия ойындарында қалай өнер көрсетуде