«Қайрат» клубы Алматыда тағы бір футбол академиясын салады
«Қайрат» клубының басшысы Қайрат Боранбаев Чемпиондар лигасынан түскен қаржыға футбол академиясын соғуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазір жерге қатысты мәселені шешіп жатырмыз. Академияны Саина көшешісінің жоғары жағына салмақшымыз. Ол аудан дамып келеді. Сол жақтағы балалардың барынша футболмен айналысқанын қалаймыз», – деді клуб басшысы Эльдар Аманбаевқа берген сұхбатында .
Алматылық клуб Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуроға (11,7 миллиард теңге) ие болған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или