Қазақстан құрамасы керлингтен барлық құрлық чемпионатында күміс медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы керлингтен барлық құрлық чемпионатында күміс медаль еншіледі

Қазақстан құрамасы кёрлингтен барлық құрлық чемпионатында екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

АҚШ-тың Миннесота штатында өткен керлингтен барлық құрлықтағы елдерді қамтитын чемпионатта (Pan Continental Championships) ерлеріміз және аруларымыз В дивизионында бақ сынады.

Ерлер құрамасы:

Абылайхан Жүзбай (скип), Әділ Жұмағожа, Айдос Алиар, Дмитрий Гарагул, Ибрагим Тастемір.

Жігіттеріміз топтық кезеңде 9 жеңіс және 1 жеңіліс тіркеп, 1-орынға ие болды. 1/2 финалда Гайанадан 10:7 есебімен басым түссе, финалдық тартысты ойында Гонконгтан 9:10 есебімен есе жіберді.

Әйелдер құрамасы:

А дивизионындағы 9 елдің арасында Қазақстан әйелдер құрамасы да бар. Қазақстан құрамасының ойыншылары: Ангелина Эбауер (Скип), Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Пеняева, Кристина Рахманова;

Аруларымыз топтық кезеңде 4 жеңіс, 2 жеңіліс тіркеп, 2-орынға ие болды. Жартылай финалда Пуэрто-Риконы 11:4 есебімен ұтқанымен, финалда Филиппинге 2:11 есебімен жол берді.

Қазақстандық жүзгіш Азия ойындарының финалына шықты

Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында топ жарды

Азия ойындарында Қазақстан жалпы медаль кестесінде нешінші орында?


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или