Жоао Пауло «Қайрат» сапынан кетті

Жоао Пауло «Қайрат» сапынан кетті

Алматының «Қайрат» командасы 37 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Паулоның кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық клуб жейдесінде Жоао Пауло барлық жарыстарда 112 ойын өткізіп, 47 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.

«Қайрат» командасымен бірге ол ұлттық чемпионатты, сондай-ақ Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Маусым басында 37 жастағы шабуылшы ауыр жарақат алып, бүкіл маусым бойы алаңға шыға алмады.

«Қайратқа» келгенге дейін Жоао Пауло Шымкенттің «Ордабасы» командасында ойнады.


«Қайрат» алтын матчта тең түсіп, чемпиондықты ресми рәсімдеді

Нұралы Әліп: «Ең қымбат трофей — Ресей кубогы»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или