Қазақстандық спортшы Азия ойындарында үшінші орын алды

Қазақстандық спортшы Азия ойындарында үшінші орын алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрболсын Мұрат Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші болып мәре сызығын кесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 3000 метрге жүгіру сайысында қола жүлдеге ие болды. Мұрат қашықтықты 09:07.81 уақытта жүгіріп өтті.

Тайбэй спортшысы Чен-Ю Ван жарыс жеңімпазы атанды - 08:34.46. Қытайлық Цзычэн Ли күміс жүлдеге ие болды - 08:55.76.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или